Астанада айналма жол жабылады

341

Астана қаласын айналып өтетін тас жолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.  

Астанада айналма жол жабылады Фото: Kazpravda.kz / Адильбек Тауекелов

Жол қозғалысына тыйым салу 2026 жылғы 3-13 мамыр аралығына жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, бұл шара жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты қабылданып отыр.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін 8 шақырымдық жол толығымен жабылады. Шектеу "Балқарағай" демалыс аумағындағы бұрылыстан бастап Павлодар бағытындағы көлік айрығына дейін қойылады.

KZ 01-01 "Астана қаласын айналып өту" тас жолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мамандар жолдың сапасын арттыру үшін ескі жол жабынын сыдырады. Жолды тегістеп, асфальтбетон жабынының екі қабатын төсейді.

Ұлттық компания жолды толық жабу – жұмыс сапасын қамтамасыз ету және жол апаты қаупін азайту үшін қажетті шара екенін түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу