Астанада жұмыс іздеген жастарға жәрмеңке өтеді

153

22 тамызда жастарға жұмыс табуға мүмкіндік беретін вакансиялар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.    

Астанада жұмыс іздеген жастарға жәрмеңке өтеді Фото: gov.kz

Шара ертең Кенесары көшесі 32 мекенжайындағы Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жәрмеңкеге экономиканың түрлі саласынан 70-тен астам жұмыс беруші қатысып, 1000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынбақ. Ұлттық компаниялар, банктер, өнеркәсіптік кәсіпорындар және IT-хабтар ұсыныстарын таныстырады.

Жас мамандар еңбекке орналасу бойынша кеңес алып, кадрлық қызмет өкілдерінен ұсыныстар қабылдай алады.

Шараны "Amanat" партиясының "Жастар рухы" жастар қанаты мен Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу