Астанада жұмысқа орналасу бойынша "JOLTAP" жобасы іске қосылады

627

Ол кірістерді арттыруға және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған. 

Астанада жұмысқа орналасу бойынша "JOLTAP" жобасы іске қосылады Фото: gov.kz

Сауда, қоғамдық тамақтану, құрылыс, көлік, қызмет көрсету салаларынан 100-ге жуық кәсіпкер, бірқатар салалық қауымдастықтар мен бірлестіктерден келген қоғам белсенділері әкімдік кеңесіне қатысып, жоба таныстырылды, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"JOLTAP" жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда, онда белсенді және алдын алу әлеуметтік саясатының қажеттілігі атап өтілді. Жалпы жоба құралдары қазіргі әлеуметтік реформаларға тиімді қосымша болып саналады. Жобаның бірлескен операторы "Баршаға Мүмкіндік" қоғамдық қоры болды.

Жобаның мақсаты – мұқтаж азаматтардың өмірлік жағдайын анықтау және қамту. Бұған адамдар көп жиналатын орындарда "Баршаға Мүмкіндік" деп аталатын модульдік пункттерді орналастыру есебінен қол жеткізілетін болады. Өтініш берушілерге міндетті түрде табысын арттыру үшін мемлекеттік және қосымша қолдау шаралары ұсынылатын болады.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жобаның идеясы қала тұрғындарының табысын арттыру және әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бойынша мүмкіндіктер спектрін ұсыну, бірегей деректер базасын құру және жұмысқа орналастыру бойынша проактивті тәсіл екенін атап өтті.

Осы мақсатта барлық маңызды жұмыс орындары бар бірыңғай Telegram-арна секілді құралдар қосымша іске қосылады, сала көшбасшыларының талаптары мен стандарттары бойынша қысқа мерзімді оқыту, сондай-ақ цифрлық дағдыларды (фрилансқа арналған мамандықтар) тегін оқыту ұйымдастырылады.

Осы құралдарды тиімді іске асыру үшін кездесуде қаланың негізгі жұмыс берушілері ретінде бизнестің жобаға қатысу мәселесі талқыланды. Бизнес өкілдері жобаны іске асыруды қолдап, кадрларды іздеу мен даярлаудың түйткілді проблемасына байланысты қосымша шаралардың өзектілігін ерекше атап өтті.

Ынтымақтастық туралы меморандумға әкімдік, "Баршаға Мүмкіндік", "Magnum", "Technodom", "Тәп-тәтті" сияқты салалардың көшбасшылары қол қойды. Бұл жұмыс ары қарай да жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу