"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығының лауреаттары анықталды

112

Іс-шара Халықаралық волонтерлер күні аясында және Тұрақты даму мақсаттарындағы Халықаралық волонтерлер жылының ресми басталуы қарсаңында ұйымдастырылды.   

"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығының лауреаттары анықталды  Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын табыстау рәсімі өтіп, "Игі істер марафоны" республикалық жобасы қорытындыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аталған жылды жариялау бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын. Жылдың ресми ашылуы БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Штаб-пәтерінде өтеді.

Айта кетейік, "Жыл волонтері" сыйлығы Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылдан бері жыл сайын тапсырылып келеді. Осы уақытқа дейін 297 волонтёр лауреат атанды.

2025 жылы сыйлықтың лауреаттары атанған 46 қазақстандық волонтермен қатар, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Түркиядан келген 4 волонтер марапатталды. Олардың барлығы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге, волонтерлікті дамытуға және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жобалары мен бастамаларының нәтижелерін ұсынды.

Сонымен қатар бүгін "Игі істер марафоны" республикалық жобасының қорытындылары жарияланды. Марафон барысында қазақстандықтар 9 мыңнан астам игі іс атқарды. Байқау нәтижесінде ең жоғары белсенділік танытқан 20 жеңімпаз анықталды. Жалпы, жобаға 40 мыңға жуық қазақстандық қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу