Астанада жылдамдық асырған 22 жастағы жігіт 10 тәулікке қамалды

346

Көлік жүргізушісі сағатына 154 шақырым жылдамдықпен жүрген.  

Астанада жылдамдық асырған 22 жастағы жігіт 10 тәулікке қамалды Фото: kursiv.media

Астанада Kia K7 көлігін 154 км/сағ жылдамдықпен жүргізген 22 жастағы жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратура мәліметінше, құқық бұзушылық 12 тамыз күні кешке анықталған. Жүргізуші "Ұлы дала" даңғылы жағынан Айтматов көшесімен қозғалып келе жатып, жылдамдығын сағатына 154 шақырымға дейін арттырған.

Қала прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін жүйелі әрі өрескел бұзатын жүргізушілерді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың бірыңғай тәжірибесін енгізген.

Сот қаулысымен жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Прокуратура жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу