Астанада жылыту маусымы аяқталды

157

2024-2025 жылғы жылыту маусымы Астана қаласында 2024 жылғы 24 қыркүйекте басталып, 209 күнге созылды. 

Астанада жылыту маусымы аяқталды Фото: Астана әкімдігі

Астанада ауа райының жылынуына байланысты жылыту маусымы аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, сыртқы ауа температурасы бес күн қатарынан тәулігіне орташа +10°C және одан жоғары деңгейде тұрақты сақталған жағдайда, жылыту маусымын аяқтау туралы шешімді қала әкімдігі қабылдайды.

Ауа райының қолайлы жағдайына байланысты және қолданыстағы нормативтерге сәйкес, Астана қаласы әкімдігі 2025 жылғы 21 сәуірде жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу