Астанада зираттағы темір металл мен қоршауды заңсыз қабылдаған ер адам анықталды

108

Елорда полициясына зират аумағынан қоршаулардың ұрланғаны туралы арыз түскен.  

Астанада зираттағы темір металл мен қоршауды заңсыз қабылдаған ер адам анықталды Фото: polisia.kz

Белгісіз біреулер металл конструкцияларды зират басынан жасырын түрде алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген заңсыз металл қабылдау пунктін анықтады,  деп жазады inbusiness.kz сайты.

Металл қабылдауды 38 жастағы ер адам ұйымдастырған. Тексеру кезінде аумақтан 8 металл қоршау, 11 құлпытас, 2 крест және 2 металл үстел табылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұрлыққа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу