Астанадағы "жасыл" технология орталығы ОА елдеріне үлгі етерлік тәжірибе болмақ

942

Астанадағы "жасыл" технология орталығы ОА елдеріне үлгі етерлік тәжірибе болмақ

Елордада өткен "Тұрақты энергетиканың сын-қатерлерін шешу" атты министрлер конференциясына қатысушылар Астанада Қазақстан Республикасының үкіметі мен бюджеттен тыс ерікті ресурстар қаржыландыратын БҰҰ бастамасымен "жасыл" технологиялар және инвестициялық жобалар орталығын құруды қолдады. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және өзге де елдердің энергетика мекемелерінің басшылары мен орынбасарлары қатысуда.

"Біз энергетикалық нарықты реформалау, энергиялық тиімділік, жаңартылатын энергетика, энергияға қолжетімділік, энергетикалық қауіпсіздік , қаржыжәне инвестициялар, технологиялар және энергетика, индикаторлар және талдау жөніндегі мәліметтер базасы секілді салаларда мүдделі елдерді қолдауға арналған  ПРООН, ЮНЕП, ЮНИДО, ЭСКАТО сияқты БҰҰ-ның мүдделі ұйымдарын қоса алғанда , Қазақстанның Астанада Қазақстан Республикасының үкіметі мен бюджеттен тыс ерікті ресурстар қаржыландыратын БҰҰ бастамасымен "жасыл" технологиялар және инвестициялық жобалар орталығын құру жөніндегі бастамасын құптаймыз", – деп ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев министрлік мәлімдемесінің негізгі бөлімін оқып берді.

Министрдің айтуынша, орталық консультативтік қызметтер көрсетіп, дәріс беру және технологияларды таныстыру, сарпатама жүргізумен айналысып, "жасыл" экономика бойынша жобаларды жедел іске асыру үшін "жасыл" қаржыландыру мәселелерін шешетін болады.

Бірлескен министрлік мәлімдемедесінде барлық секторларда энергиялық тиімділік бойынша халықаралық танылған стандарттарды дамыту және тарату маңызды екені айтылған.

Энергетикалық қауіпсіздік мәселелері нарықтардың халықаралық ықпалдасуы арқылы емес, энергетикалық тәуелсіздікті ілгерілету арқылы шешіліп жүр. Бұл техникалық, экологиялық және экономикалық тиімділіктің жақсаруына тосқауыл болады.

"Қолда бар энергетикалық жүйенің жалпы өндірісін жақсартудың кейбір нұсқалары саясат пен нарықтық қателіктері немесе денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қоғамда қалыптасқан түсінік тұрғысынан келгенде алынып тасталады. Күн тәртібіндегі мақсаттарға қол жеткізу мерзімі 2030 жылға дейін және Париж келісімі бірқатар мәселелерді шешуді талап етеді", - деп атап көрсетті мәлімдеге қатысушылар.

Энергетикалық жүйенің түрленуі энергетиканы тек өнім шығаратын емес, сондай-ақ қызмет ұсынушы сала ретінде көрсетету үшін саясатта және оның реттелуіне өзгерістер енгізуді талап етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу