Бүгін, 23 маусымда Астана қаласы Байқоңыр ауданындағы Отырар көшесінде орналасқан 13 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрлік мәліметінше, өрт оқшауланды.
Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жоғарғы қабаттардағы балкондардың ашық жалынмен жануы байқалды.
Жедел қабылданған шаралардың арқасында ашық жалын сөндірілді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу