Астанадағы ең қымбат шыршаның бағасы - 1,5 миллион теңге

1022

Астанадағы ең қымбат шыршаның бағасы - 1,5 миллион теңге

Астанада жаңа 2018 жылды қарсы алуға дайындық қызу жүріп жатыр. Жаңажылдық шыршалардың қандай бағамен саудаланып жатқаны туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазір жасанды шыршалар тренд болып тұр. Астанадан оның кез келген түрін табуға болады. Жаңа жылдық шыршалардың бағасы әр түрлі. Сапалы тауардың қаладағы орташа бағасы 50-70 мың теңгенің айналасында. Мұндағы шыршалардың басым көпшілігі Польша және Қытайда өндірілген. Бойы алты метрді құрайтын ең қымбат шырша 1,5 миллион теңге тұрады. Сатушылар биыл шыршаның бағасы дәл былтырғыдай екенін айтады.

"Шыршаға ешқандай дағдарыс әсер еткен жоқ. Астананың көптеген тұрғыны одан ақшасын аямайды әрі негізінен сапалы әрі қымбат шыршаларды сатып алады. Қытайдың шыршасына сұраныс жоғары. 10 жылдан бері жаңажылдық тауарлар сатумен айналысамын. Бір байқағаным, адамдар Жаңа жыл мерекесін тойлауға қаржысын үнемдемейді. Бізден ең кішкентай шыршаны 1,5 мыңға алуға болады, ал ең қымбат тұратын Польшаның алты метрлік шыршасы 1,5 млн теңге. Биылғы маусымда осындай шыршалардың екеуін саттық", - дейді жаңажылдық тауарлар дүкенінің иесі Нұрлан.

Польша шыршалары Қытайдікіне қарағанда қымбат. Сатушылар мәселе сапада екенін айтады.

"Олар ұзақ уақыт пайдалануға жарамды және әдемі көрінуі керек. Мұндай шыршаларды безендірудің де қажеті жоқ, ойыншықтарсыз-ақ әдемі болып тұр. Күтіп сақтаса, шырша ондаған жыл мекеренің сәнін келтіреді", - дейді тағы бір дүкеннің иесі Нұргүл Әлімова.

Астана базарларынан орта есеппен 1-15 мың теңгеге шырша алуға болады. Айта кетелік, базарда 200 теңге тұратын шыршаға ілетін жылтырақтар сауда үйлерінде 400 теңге тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу