Астанадағы Герцен көшесінің бір бөлігі 6 қыркүйекке дейін жартылай жабылады

222

Р. Дүйсенбаев көшесінен Д. Карбышев көшесіне дейінгі учаскеде А. Герцен көшесінде жөндеу жұмыстарының жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанадағы Герцен көшесінің бір бөлігі 6 қыркүйекке дейін жартылай жабылады Фото: canva

Осыған байланысты аталған учаске ағымдағы жылғы 23 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында ішінара жабылатын болады.

– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, – делінген хабарламада. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу