Астанадағы ірі сауда орталығынан өрт шықты

233

Құтқарушылар өртті сөндіру жұмысымен айналысып жатыр.

Астанадағы ірі сауда орталығынан өрт шықты Фото: ТЖМ

Бүгін, 26 ақпанда елордадағы "Сарыарқа" сауда орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Оқиғаға қатысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.

"Осы сәтте Астана қ. өрт сөндірушілері Нұра ауданы Тұран даңғылы бойында орналасқан Сауда-ойын сауық орталығындағы өртті сөндіруде. Құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасауда",  делінген ТЖМ хабарламасында.

Тілсіз жаудан зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, сауда орталығындағы өрт оқшауланған.

"Өрт СОО негізгі ғимаратына және ғимараттың қаптамасына 2 қабатты қосымша ғимаратта орын алуда. Құрылыс материалдарын талдау мен су төгу жұмысы жүргізілуде",  деп қосты министрлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу