Астанадағы қаланы шолу дөңгелегінде Абай Құнанбайұлының портреті көрініс тапты

258

Ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Астанадағы шолу дөңгелегінде оның портреті жарияланды.  

Астанадағы қаланы шолу дөңгелегінде Абай Құнанбайұлының портреті көрініс тапты Фото: Астана қаласы әкімдігі

Алдағы уақытта дөңгелекке ақынның қанатты сөздерін жариялау арқылы инсталляцияны толықтыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты әкімдікке сілтеме жасап.

LED жарықтандырудың көмегімен жасалған портреттің диагоналі 65 метрді құрайды және 53 мың пиксельден тұрады. Бұл ауқымды инсталляция қаланың әртүрлі орындарынан – Сарыарқа мен Тұран даңғылдарынан, сондай-ақ Қорғалжын тас жолы жағынан жақсы көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу