Жол апаты сәрсенбі күні кешке болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Астанадағы көпірде 3 көліктің қатысуымен болған жол апаты адам өліміне әкелді.
Істің мән-жайын қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Toyota автокөлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесі тарапынан келе жатып, көпір үстінде басқаруды игере алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан қарсы беттен түзу бағытта келе жатқан Lada және Skoda көліктерімен соқтығысқан", – делінген департамент таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу