"Бетон плита құлаған": Астанадағы құрылыс алаңында 17 жастағы жасөспірім қаза тапты

527

Бозбала жұмысқа кіріскен бірінші күні-ақ көз жұмды.

"Бетон плита құлаған": Астанадағы құрылыс алаңында 17 жастағы жасөспірім қаза тапты Фото: видеодан алынған кадр

17 жастағы жасөспірім Астанада құрылыс алаңында қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марқұм қосымша табыс табайын деп, шұңқыр қазуға барған. Сол сәтте үстіне бетон тақта құлап, қайтыс болған.

Марқұмның анасы көз жасын тыя алмай, камаз жүргізушісі мен краншы есірткі әсерінде болғанын айтады. Туыстары әділдік талап етуде.

Полиция тергеу жүргізілетінін және қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу