ТЖМ мәліметінше, 2026 жылғы 1 ақпанда таңертең Астанада Майбалық көліне балық аулауға шыққан азаматтар көмекке жүгінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.
"Жүргізілген шаралар барысында құтқарушылар 1983 және 1989 жылы туған 2 азаматты эвакуациялады. Олар көліктерін қар құрсауынан өз бетімен шығара алмаған", – делінген хабарламада.
Азаматтар қауіпсіз жерге жеткізілді.
Балықшылар дер кезінде көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғыс білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу