Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалына 20 өнеркәсіптік желдеткіш қойылады

191

Елордада әдеттен тыс аптап ыстық ауаны баптау жүйесіне айтарлықтай жүктеме түсірді.  

Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалына 20 өнеркәсіптік желдеткіш қойылады Фото: rail-news.kz

Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалында температуралық режим мен ауа баптау жүйесінің жұмысы тексерілгеннен кейін қосымша ылғалдандыру функциясы бар 20 өнеркәсіптік желдеткіш орнату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вокзал кезекшілеріне температуралық режимді тәулік бойы бақылау және жолаушылардың өтініштеріне жедел әрекет ету тапсырылды. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды.

– Қосымша жүктеме Астана-1 вокзалын жаңғыртуға байланысты Нұрлы жол вокзалына 16 жолаушылар пойызын уақытша ауыстырумен байланысты. Нәтижесінде жолаушылар ағыны 23% өсті, бұл салқындату жүйесіне жүктемені де арттырды, – деп түсіндірді ҚТЖ.

Компанияның мәліметінше, осыған байланысты жолаушылар ағыны 23%-ға артқан, бұл өз кезегінде салқындату жүйесіне түсетін жүктемені көбейткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу