"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы аталған оқиғаны растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Компания 2026 жылдың 22 шілде күні сағат 19:45-те "Нұрлы жол" вокзал кешені 3-қабатында төбе жабынының бір бөлігі құлау фактісі тіркелгенін мәлім етті.
– Вокзал кешенінің қызметкерлері аталған аумаққа тексеру жүргізіп, нөсер кәрізі жүйесіндегі құбырлардың жалғанған тұсы зақымдалғаны анықталды. Құбырлардың жігін саңылаусыздандыру және нөсер кәрізі жүйесі құбырларының қосылған тұстарын қалпына келтіру жұмыстары толық орындалды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, ақау шыққан аумақ тазартылып, жуылды. Сондай-ақ, қалдықтар шығарылды, – делінген хабарламада.