Астанадағы саябақта кітап алмасу мен экологиялық бастамаларды қамтыған QALA FEST фестивалі өтті

122

Елорда күніне орай қаладағы "Жетісу" саябағында QALA FEST фестивалі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанадағы саябақта кітап алмасу мен экологиялық бастамаларды қамтыған QALA FEST фестивалі өтті

Фестиваль аясында кітап алмасу ұйымдастырылған кітап жәрмеңкесі өтті. Келушілер қазақ тілінде 500-ге жуық кітап әкелді. Олардың басым бөлігі – қазақ әдебиеті мен әлемдік классика туындылары.

"Жастар кітапты белсенді түрде оқиды. Бұл – олар үшін қызық. Кез келген кітабыңызды әкеліп, басқа кітаппен ауыстыруға болады", – деді "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының маманы Алуа Балтабаева.

Сонымен қатар "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық бастамасы аясында арнайы қабылдау автоматтары – фондаматтар арқылы пластик бөтелкелерді, алюминий банкаларды және басқа да бос ыдыстарды тапсыруға мүмкіндік болды. Оның орнына сыйлықтар, бонустар, купондар мен тауарлар және қызметтерге жеңілдіктер берілді.

"Қалада мұндай фондаматтар көп. Бұл – кәсіпкердің жеке бастамасы. Арнайы мобильді қосымша бар. Телефоныңызға жүктеп, нөміріңізді енгізесіз, содан кейін бонус аласыз. Оны жанармай құю бекеттерінде немесе басқа тауарлар мен қызметтерге жұмсауға болады", – деді экожаттықтырушы Марьям Қасымова.

Кейін бұл пластиктер сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарына жеткізіледі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу