Астанада түнгі клубтағы төбелестен 19 жастағы жігіт қаза тапты

191

Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.  

Астанада түнгі клубтағы төбелестен 19 жастағы жігіт қаза тапты Фото: Midjourney

Астанадағы түнгі клубтардың бірінде төбелес болып, 19 жастағы жігіт алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген сурет тарады.

"Астана қаласындағы түнгі клубта болған кісі өліміне қатысты полицейлер күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Анықталғандай, ойын-сауық орнында келушілер арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Оқиға барысында бір адам қаза тапты", – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу