Астанадан шетелге 490 млн теңгені заңсыз әкетудің жолы кесілді

759

Биыл "Әуежай-Астана" кеден бекетінде декларацияланбаған қолма-қол ақшаны заңсыз алып кетуге қатысты 55 факті тіркелген.

Астанадан шетелге 490 млн теңгені заңсыз әкетудің жолы кесілді

Декларацияланбаған ақшаның жалпы көлемі – 498 454 908 теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

"Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығымен (Жарлық) Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған:

- 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әкету күніне белгіленген бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасы және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдары;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 г аффинирленген алтын құймалары және "ALTYN BARYS" алтынынан және "KÚMIS BARYS" күмісінен жасалған инвестициялық монеталар, сондай-ақ 100 г-дан астам аффинирленген алтын .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу