FlyArystan әуе компаниясының Астанадан Қостанайға ұшып шыққан ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайға қайта оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Кейінірек рейс те Қостанай әуежайының уақытша жабылуына байланысты кейінге шегерілді – ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ FS7342 Қостанай – Астана рейсі де ұшақтың Қостанайға кеш келуіне байланысты өзгертілді. Еске саламыз, FlyArystan рейстері айналымдық схема бойынша орындалады, сондықтан бір рейстің кешігуі келесі рейске әсер етуі мүмкін", – делінген хабарламада.
Астана – Қостанай рейсінің жолаушыларына сусындар мен ыстық тамақ ұсынылды. Ал кері бағыттағы FS7342 рейсімен ұшуы тиіс жолаушылардың өтініші бойынша олар қонақүйге орналастырылды.
Қостанайға ұшу бүгін, 3 қараша күні сағат 17:05-ке жоспарланған, ал Қостанайдан Астанаға қайтар рейс – сағат 18:50-де.