Астанадан Талдықорғанға жеткізілген 3,6 келі психотроптық зат тәркіленді

248

Күдікті қамауға алынды.

Астанадан Талдықорғанға жеткізілген 3,6 келі психотроптық зат тәркіленді Фото: polisia.kz

Астанадан Талдықорғанға ірі көлемде психотроптық зат жеткізу арнасының жолы кесілді Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 3 келіден астам мефедрон мен α-PVP тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Ішкі істер министрлігі және Астана қаласының полиция департаментімен бірлесіп, облыс прокуратурасының үйлестіруімен жедел іс-шара жүргізген.

Астана қаласында полиция қызметкерлері Тараз қаласының тумасы, 32 жастағы ер адам басқарған Geely автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тінту кезінде артқы жолаушылар орындығының тысы астынан ұнтақ тәрізді зат салынған екі орама табылды.

Тергеу барысында 2 келі 148 грамм мефедрон және 506 грамм α-PVP тәркіленді. Кейін күдікті одан әрі таратуға арналған психотроптық зат жасырылған орынды көрсеткен. Сол жерден тағы 992 грамм α-PVP табылды.

Осылайша, заңсыз айналымнан жалпы салмағы 3 келі 646 грамм психотроптық зат алынды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу