"Астанаэнергосбыт" ЖШС-ға қомақты айыппұл салынды

884

ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сай "Астанаэнергосбыт" ЖШС – бағаларды мемлекеттік реттеу, оның ішінде баға белгілеу тәртібін сақтау жөніндегі міндет қолданылатын қоғамдық маңызы бар нарықтың субъектісі.

"Астанаэнергосбыт" ЖШС-ға қомақты айыппұл салынды

"Астанаэнергосбыт" ЖШС-ға тұрғындардың өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты тарифтерді саралау кезінде төлем сомаларын есептеу тәртібін бұзушылықтар анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тексеру барысында жүгінген 56 тұтынушының 32-сіне 129 мың теңге мөлшерінде негізсіз сома қойылғаны белгілі болған.

"Осыған байланысты, "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 167-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, оған сәйкес 2000 АЕК немесе 6 млн теңгеден жоғары мөлшерде айыппұл көзделген. Одан бөлек, "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ның атына электр энергиясын төлеу сомасы заңсыз есептелген елорданың барлық тұтынушыларына төлем сомасын қайта есептеуді жүргізу арқылы жол берілген бұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама енгізілді", – деп жазылған ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінде.

Айта кетсек, тұтынушылар бағаның негізсіз көтерілгенін анықтаған жағдайда, қайта есептеу жүргізу үшін "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ға жүгінуге құқылы. Ал компания қайта есептеуден негізсіз бас тартқан жағдайда, тұтынушылар ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне жүгіне алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу