Астанаға алғаш рет Оман Сұлтандығының әскери делегациясы келді

Тараптар екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты орнату және оны дамытудың алдағы бағыттарын талқылады.  

Астанаға алғаш рет Оман Сұлтандығының әскери делегациясы келді Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы Жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары полковник Дәурен Манаппен Оман Сұлтандығы Қарулы күштер Бас штабы бастығының операциялар және жоспарлау жөніндегі  орынбасары бригадалық генерал Хамид әл Балушимен кездесу өтті. 

Тараптар екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты орнату және оны дамытудың алдағы бағыттарын талқылады. 

Шетелдік делегация ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайында болып, ондағы экспозицияларымен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу