Астанаға Иран Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді

230

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Астанаға Иран Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді Фото: Hossein Sepahvand/Office of the Iranian President via Getty Images

10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу