Астанаға Израиль премьер-министрі келді

799

Астанаға Израиль премьер-министрі келді

Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху  Астанаға келді. Видео  Youtube-дегі ресми арнада пайда болды. Бұл – Нетаньяхудың Астанаға алғашқы сапары. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев израильдік премьермен келіссөз жүргізеді деп күтілуде. Олар бірлескен бизнес-форумға қатысады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Басты назарда экономикалық өзара іс-қимыл мәселесі болмақ. Астанада бірлескен бизнес-форум жоспарланды, оған тек израильдік тараптан 70-ке жуық кәсіпкер қатысады. Шара Қазақстан мен Израильдің іскерлік орталарының сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастығын жандандыруға, инвестиция үшін жаңа мүмкіндіктерді талқылауға бағытталған.

Атап айтқанда, талқылау АӨК, медицина, азаматтық қауіпсіздік, қорғаныс өнеркәсібі сияқты салаларды қамтиды. Іскерлік байланыстарды жеңілдету сапар барысында талқыланатын екі ел арасындағы тікелей авиақатынасты орнатуға ықпал ететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу