Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жамбыл облысында жанжалдан кейін ауруханаға түскен 14 жастағы оқушының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
31 қазан күні кешке Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы соққыға жығылған болатын.
"Шын мәнінде, баланың жағдайы ауыр. Ол қазір комада жатыр. Медикаментозды кома деп айтылады. Баланың жағдайы тасымалдауға келмейді. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы телемедицина арқылы тиісті консультациялар беріп, баланың жағдайын бақылап отыр. Жағдайы тұрақталғаннан кейін оны Астанаға санавиация күштерімен жеткіземіз", – деді ведомство басшысы Үкіметте өткен брифингте.
Айта кету керек, бұған дейін министр Ақтауда дәрігерге жасалған шабуылға қатысты пікір білдіргенін жазғанбыз.