Астаналық кәсіпкер 4 жылдан бері 100 вагон көмірін күтіп жүр

549

Көмір үшін 40 млн теңге төленген.

Астаналық кәсіпкер 4 жылдан бері 100 вагон көмірін күтіп жүр

2019 жылдың маусым айында астаналық кәсіпкер Қарағанды ​​"көмір кенішінің иесімен" көмір сатып алу бойынша келісімшартқа қол қойған. Сенімді болу үшін келісімшартқа нотариус кепілдік берген, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Келісімшартқа сәйкес Қарағанды ​​тұрғыны 100 вагон көмір жеткізуі керек еді, бұл үшін оның есепшотына 40 млн теңге аударылған. Содан міне, үш жылға жуық уақыт өтсе де, кәсіпкер тауарды алмаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында орталық полиция бөлімінің қызметкерлері 44 жастағы "көмір шахтасының иесін" анықтап, ұстады. "Кәсіпкерлерге" қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу