Астаналық оқушы "ақылды шлагбаум" ойлап тапты

101

Оқушы бұл оқу орны ауласына, тұрақтарға және жеке аумақтарға кіруді бақылауда өте тиімді шешім дейді.

Астаналық оқушы "ақылды шлагбаум" ойлап тапты Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласындағы №111 жалпы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Әлихан Төлебай ардуино негізіндегі "Ақылды шлагбаум" ойлап тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Қазіргі кезде көлік қозғалысын тиімді басқару – үлкен қалалар мен білім беру мекемелері үшін маңызды міндеттердің бірі.

Сондықтан бұл ақылды шлагбаун уақытты үнемдеп, қауіпсіздікті арттырып технология дамуының негізгі бағыты.

Осыған сай Әлихан Төлебай өз қолымен инновациялық әрі пайдалы жоба құрастырып шығып, көлік жақындағанда өзі ашылатын "Ақылды шланбаум" жобасын таныстырды.

Оның ерекшелігі шлагбаумға көлік жақындаған сәтте жүйе оны автоматты түрде таниды және кедергіні көтеріп, жүргізушінің бөгетсіз өтуіне мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу