Астаналық оқушылар инклюзияны дамытуға арналған жаңа робот құрастырып жатыр

205

Астана қаласындағы №115 жалпы орта білім беретін "келешек мектептің" оқушылары инклюзивті білім беруді қолдауға бағытталған тың жобаны жүзеге асыруда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астаналық оқушылар инклюзияны дамытуға арналған жаңа робот құрастырып жатыр Фото: Астана қаласының әкімдігі

Олар мектеп ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қауіпсіз әрі дербес алып жүруге арналған жеке инклюзивті робот құрастырып жатыр. Оқушылар бұл роботқа "Дана" деген атау берді.

"Дана" робот-көмекшісі көру қабілеті төмен, тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе кеңістікте бағдарлануы қиын оқушылардың мектеп ғимараты ішінде дербес, қауіпсіз және сенімді қозғалуына мүмкіндік береді.

Мұндай санаттағы балалар үшін кабинеттер арасында қозғалу барысында мазасыздық деңгейі жоғарылап, сыртқы көмектің қажеттілігі жиі туындайды. Жоба осы мәселені заманауи технологиялар арқылы шешуді көздейді.

Қазіргі таңда жаңа роботтың бас модулі мен негізгі корпусы толықтай құрастырылған. Алдағы уақытта құрылғының барлық бөлшектері жинақталып, техникалық баптау жұмыстары аяқталған соң, "Дана" робот-көмекшісі мектеп ішінде өз қызметін атқаруға кіріседі.

Бұл жоба оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін дамытуға ғана емес, сонымен қатар инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу