Астанадағы №100 мектептің оқушылары жаз бойы бақшада өсірген көкөністерін жинап, мектеп асханасына тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқушылар ата-аналары мен педагогтердің көмегімен қызанақ, картоп, асқабақ және бұрыш өсірген. Жиналған өнімдер мектеп асханасында оқушылардың тамақтануына пайдаланылады.
Бақшадағы жұмыс оқу үдерісімен де ұштастырылған. Балалар өсімдіктерді күтіп-баптауды үйреніп, табиғи үдерістерді тәжірибе жүзінде бақылайды.
Бұл тәжірибе оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, еңбекке және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу