Астаналық оқушылар мен студенттер бүгін де қашықтан оқиды

461

Астанада күннің күрт сууына байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан оқитын болды, деп хабарлады қалалық білім басқармасы.    

Астаналық оқушылар мен студенттер бүгін де қашықтан оқиды Фото: unsplash

"2023 жылғы 10 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11(12) сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше де елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқыған еді. Сондай-ақ әкімдік ауа райының нашарлауына байланысты тұрғындарға ескерту жасаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу