Елордада мектеп оқушысы компьютер құрастырып шығарды

154

Тестілеу нәтижелері құрылғының оқу және күнделікті қарапайым жұмыстарға толықтай жарамды екенін көрсетті.

Елордада мектеп оқушысы компьютер құрастырып шығарды   Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордадағы №119 мектептің 10-сынып оқушысы Аят Тәжен Raspberry Pi жинағын пайдалана отырып, шағын компьютер құрастырып, бағдарламалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дайын құрылғы тестілеуден өткізіліп, оның жұмыс жылдамдығы, интернетке қосылу мүмкіндігі және энергия тұтыну көрсеткіштері тексерілді. 

"Аят жобаны жетілдіру мақсатында Raspberry Pi негізіндегі шағын портативті ноутбук құрастыру жолдарын зерттей бастады. Ноутбук корпусының өлшемдерін анықтап, 3D моделін жобалау жұмысын жүргізді. Протативті ноутбуктың корпусы 3D принтерде басып шығарылған соң ішкі құрылғылар корпусқа бекітіліп жалғанды. Нәтижесінде толыққанды шағын протативті ноутбук дайын болды. Жобаны жасауға шамамен 2 ай уақыт кеткен.

Бұл жоба оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, инженерлік ойлауын дамытуға және заманауи ақпараттық технологияларға қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді", – деді жетекшісі Айбала Сарбасова.

Жоба жұмысын жүргізу барысында Аят Тажен өзінің инженерлік, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Ол сабақтан тыс уақытында Web-жобалау, 3D-модельдеу, программалаумен айналысады. Python, C++, Lua, Dart программалау тілдерін жетік меңгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу