Астаналық тұрғын крипто-алаяқтардың құрбаны болғанын сотта дәлелдеді

94

Ол өз құқығын сотта қорғап шықты.  

Астаналық тұрғын крипто-алаяқтардың құрбаны болғанын сотта дәлелдеді Фото: prikhodko.com

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты елорда тұрғынының 2 адамға қарсы берген 11 млн теңге ақшасын өндіру туралы талабын толықтай қанағаттандырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астана сотының мәліметінше, талапкер белгісіз адамдардың алдауына түсіп, банк шоттарында жатқан ақшасын аударып жіберген. Алдын ала тергеу органы оны жәбірленуші деп таныған.

Істі қарау барысында тараптар арасында қаржы аударымын негіздейтін қандай да бір шарттық қатынастар немесе міндеттемелер болмағаны белгілі болды. Осыған байланысты жауапкерлердің алған ақшасы негізсіз байыту деп танылды.

Жауапкерлердің бұл қаражат криптовалютамен жасалған мәмілелер үшін төлем болды деген уәждерін сот негізсіз деп тапты. Шешімде олардың мәмілелерді "Астана" халықаралық қаржы орталығында тіркелген лицензияланған биржа арқылы жасағанын, сондай-ақ заңнама талаптарын – салықтық нормалар мен кірістерді заңдастыруға қарсы ережелерді сақтағанын растайтын дәлелдер ұсынбағаны көрсетілген.

Сот шешімімен талап толық көлемде қанағаттандырылды. Жауапкерлерден талапкердің пайдасына 11 млн теңге және сот шығындары өндіріп алынды.

Апелляциялық саты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу