Астанадағы LRT биыл іске қосылмайды

345

Бұған дейін Астанадағы LRT-ны осы жылы іске қосу жоспарланған еді.  

Астанадағы LRT биыл іске қосылмайды Фото: t.me/ukimet_points

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр LRT-ны тестілік режимде іске қосу мерзімі келесі жылдың аяғына қалдырылғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тестілік режимде іске қосу келесі жылы басталады, келесі жылдың соңында", – деді Скляр.

Бұған қоса ол келесі жылы жолаушылар тасымалы басталатынын да атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін "CTS" ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев LRT-ны тестілік режимде іске қосу, яғни жолаушысыз пойыздарды сынақтан өткізу осы жылдың қыркүйек айына жоспарланғанын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу