Астаналықтар Ұлы Отан соғысында көз жұмған жауынгерлерге тағзым етті

734

Астаналықтар Ұлы Отан соғысында көз жұмған жауынгерлерге тағзым етті

Бүгін таңертең Астананың қалалық алаңында 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алу құрметіне колонна сап түзеп, БТР-80 әскери техникасы көрсетілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

ҚР Мемлекетік туы мен Астанада құрылған үш дивизияның тулары, нақтырақ айтсақ, 72-Гвардиялық Красноград атқыштар дивизиясы, 310-Новгород атқыштар дивизиясы және 387-Перекопск атқыштар дивизиясының көтерілді. Әскери әндер мен марштың сүйемелдеуімен, автоколонна қаланың орталық көшелерімен жүріп, қаланың орталық зиратында тоқтады.

Онда ҰОС ардагерлері, ауған соғысына қатысқандар, Қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер ұйымдарының, дін өкілдері, "Жас Ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілері және майдангерлердің туған-туыстары қатысты.

Елорданың Мемлекеттік филармониясының үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Десанттық-шабуыл бригадасының жауынгерлерінен, соғыс ардагерлерінен, қоғам мен жастар өкілдерінен құрылған колонна ескерткішке гүл қойды.

Соғыс жылдары көз жұмған жауынгерлердің құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды, салют атылды. ҰОС ардагерлері жиналғандарға алғысын білдіріп, өз тілектерін жеткізді.

Қазір елордада 121 ардагер бар. Былтыр олардың саны екі есе артық болған. Тыл еңбеккерлерінің саны 4 мыңға жуықтайды, олардың барлығы әлеуметтік көмекпен, баспанамен және мемлекеттің қолдауымен қамтамасыз етілді.

Гүл қою салтанаты барысында дін өкілдері құран оқыды. Шара соңында майдангерлер мен шеруге қатысушыларға арнап дастарқан жайылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу