Астаналықтар жаз бойы йогамен айналысады

140

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тегін йога сабақтары 3 ай бойы жалғасады.  

Астаналықтар жаз бойы йогамен айналысады Фото: gov.kz

Ашық аспан астында қала тұрғындары йога жаттығуын жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Орталық саябақта бас қосқандар бойы мен ойын сергітіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосты. Денсаулықты нығайтуға арналған жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен іске асты.

"Іс-шараға 40-тан астам адам қамтылып отыр. Салауатты ұлт – ел болашағының кепілі. Мұндағы мақсат салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды. Жаттығу барысында шараға қатысушылар білікті және тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен дене дайындығын жақсартуға бағытталған жаттығулар жасады. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырғанын айта кеткенім жөн болар", – деді Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу