Астананы газдандыру 2024 жылы толық аяқталады

742

Қазір қаладағы Алматы және Сарыарқа аудандары газға қосылды.  

Астананы газдандыру 2024 жылы толық аяқталады Фото: inform.kz

2024 жылға қарай елордада 300 мың тұрғын көңілдір отынмен қамтылатын болады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті деп хабарлайды, "Atameken business" тілшісі.

Елорда әкімдігінің дерегінше, қазір Алматы және Сарыарқа аудандары толықтай газға көшірілді. 2019 жылы басталған газдандыру жұмысы бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Қызылордадан Арқаға дейін тартылған құбырдың 650 шақырымы бітіп, жұмыс істеп тұр. Астана әкімдігі газ түсіру барысында құжат рәсімдеу үшін біршама жеңілдіктер қарастырған. Атап айтқанда, газ түсіру үшін тек 4 құжат керек.

"Республика 34 мекен-жайында орналасқан "Қазтрансаймақ" кеңсесіне үйдің тех.паспорты, жер участкесінің актісі, жеке куәліктің көшірмесін әкелу керек. Тұрғындар құжаттарын тапсырған соң, техникалық шарттарды алады", - дейді Астана қаласы, Алматы ауданы тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі басшысы Ерлан Сәрсекеев.

Оның дерегінше қазір Астананың Алматы ауданында 6 тұрғын үй алабы: "Железнодорожный", "Промышленный", "Күйгенжар", "Интернациональный", "Мечурина" толығымен газға көшірілген. Тұрғындардың айтуынша, үйге газ тарту қыруар қаржыны қажет етеді. Омар Бөкенбаев есімді азамат үйіне газ түсіру үшін 1 млн теңгеге жуық қаражат жұмсаған. Дегенмен, Астана әкімдігі жаңа үлгідегі жылыту құрылғысын орнату үшін әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға 430 мың теңге көлемінде өтемақы тағайындап отыр. Сондай-ақ, тұрғындарға банк арқылы пайызсыз бөліп төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.

Астана қаласы отын-энергетика ресурстар бөлімінің бас маманы Абылайхан Оспановтың айтуынша, газбен жылыту пешін салдырған әлеуметтік осал санатқа жататын жандар тиісті құжаттарын әкімшілікке әкеліп, өтемақыны рәсімдей алады.

"Қазір Есіл, Байқоңыр аудандарына көгілдік отын құбырлары тартылып жатыр. 2024 жылы Астана қаласы аудандары толығымен газға көшеді деп жоспарлап отырмыз", - дейді  Абылайхан Оспанов.

Сондай-ақ, Астанадағы 13 қазандықтан тұратын үлкен ЖЭО  газға көшірілген. 10 шақты әлеуметтік нысан шығындарын анағұрлым азайтқан. Алдағы жылы "Ильинка" "Шұбар" "Өндіріс" шағын аудандары да көгілдір отынға көшеді деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу