Астананың "жасыл белдеуінде" ұзындығы 24 шақырым веложол пайда болды

948

Астананың "жасыл белдеуінде" ұзындығы 24 шақырым веложол пайда болды

Елорданың жасыл аумағында велосипед инфрақұрылымы дамытылатын болады. Бұл Астана "Астана орманы" ЖШС даму бойынша басқарушы директоры Юсуп Келигов айтты, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Рекреациялық демалыс аумағын бірінші және екінші даму кезегі аясында "Жасыл белдеуде" ұзындығы 24 шақырым веложол пайда болды. Барлығы 7 кезек жүзеге асырылады.

Ильинка кенті жанындағы велосипед жолдары елорда тұрғындарының бос уақытын өткізетін белгілі орынға айналды. Келесі жылы бұл жерде жайлы әрі қауіпсіз демалыс аумағы құрылады. "Астана орманы" ЖШС веложолдар жүйесін дамытудан бөлек тұрғындардың сүйікті орнына айналған жердің инфрақұрылымын дамытуды қолға алмақ.

"Осы аумақта жаяу жүргіншілер жолын салу және орындықтар орнату жоспарлануда.Футбол, волейбол, баскетбол ойындары үшін спорт алаңдары пайда болады. Экстремалдық сырғанауға арналған арнайы алаң да салынады. Бұдан бөлек, жуыну кабиналары және шешінетін бөлмесі бар заманауи велопрокатпунктін ашу жоспарлануда", - деді Ю. Келигов.

"Жасыл белдеудегі" астаналық веложол жүйесі тек жазда ғана тиімді пайдаланылмайды. Қыста бұл жерде шаңғы спортына әуесқойлар сырғанайды. Жыл басынан мұнда 27 қалалық және рспубликалық деңгейдегі спорт жарыстарыөткізілді.

"Веложол – соқпақ желісін дамытуға барлық күшімізді сала отырып, біз елбасының жолдауын басшылыққа аламыз. Онда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы - адам капиталын дамытуға білім мен денсаулыққа үлкен мән береді", - деді Ю.Келигов.

2018 жылы екінші кезекті кеңейту (19 131 м веложолды 1,4 метрге) және Қарқаралы тасжолы жағынан қосымша шағын 2,4 шақырым веложол салу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу