Астананың автобустары таңға дейін жұмыс істейтін болады

972

Астананың автобустары таңға дейін жұмыс істейтін болады

Астанадағы автобустар таңғы 6-ға дейін жүреді, деп хабарлайды 24Хабар.

Бұл туралы көлік кешенін дамытуға арналған қоғамдық тыңдауда қала басшысы Әсет Исекешев мәлімдеді. Оның айтуынша, алдымен автобус жүргізушілері мәселесін шешу қажет. Қазір қала бойынша 1500 маман тапшы. Осы мақсатта биыл мамырда елорда автопаркі жаңа 380 қоғамдық көлікпен толығады. Жоспар ойдағыдай жүзеге асса, әлем мегаполистеріндегідей Астана автобустары таңға дейін жолаушы тасымалдайтын болады. Жиында айтылған тағы бір жаңалық. Оқушыларды тасымалдаудың маршруттық жүйесі түзіледі. Ол үшін 45 жаңа мектеп автобустарын алу көзделіп отыр.

"Оқушылар автобусы біздің талапқа сәйкес келмейді. Сондықтан ол автобустарды алып, жаңалап, сәйкес келтіру керек болып тұр. Ең бірінші кезекте бұрынғы ескі автобустарды ауыстырады. Және де оған қосымша оқушылар қарастырылатын болады", – деп мәлім етті "Astana LRT" ЖШС маманы Әбдіхамит Тамабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу