Астананың ең сұлу аруы таңдалды

1334

Астананың ең сұлу аруы таңдалды

18 жастағы Елназ Нұрсейітова 1 млн  теңге жүлдеге және "Қазақстан аруы-2016" Ұлттық байқауына қатысу құқығына ие болды, деп жазады aikyn.kz.

"Астана аруы - 2016" атану үшін финалған шыққан 17-23 жас аралығындағы 20 бойжеткен сайысқа түсті.

"Сұлу бойжеткендер көбейіп келеді. Олар сыртқы сұлулық туралы ғана емес, рухани даму туралы да ойлайды, музыкамен, хореографиямен айналысып, тіл меңгереді, сол себепті жыл сайын ең сұлу аруды таңдау қиындап барады" – дейді сұлулық байқауының директоры, қазылар алқасының мүшесі Ольга Радеш.

Төрешілер ұзақ уақыт кеңескен соң, байқаудың Үшінші вице-ару атағына Есімова Бибінұрды лайық деп тапты. Екінші Вице-ару - Екатерина Подгородецкая, бірінші вице-ару Бегайым Жорабекова атанды, ал байқаудың Гран-при жүлдесін Елназ Нұрсейітова иеленді, енді ол "Қазақстан аруы - 2016" Ұлттық байқауында елорда намысын қорғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу