Астананың іргесінде бау-бақша баптап, табыс тауып отыр

1171

Сарыарқа суық жер, жел үзілмейді. Бау-бақшамен айналысу өте қиын. Ақмола облысы Қараөткел ауылында тұратын Сәбира Малибекқызы соған қарамастан талай жылдан бері көкөніс күтіп-баптайды.

Астананың іргесінде бау-бақша баптап, табыс тауып отыр

Бір жылдан бері тәп-тәуір табыс таба бастаған.

"Әрине, ұдайы жел оңай емес. Жылыжай салғаннан кейін еңбегім өнімді болды. Екі тонна қызанақ, бір тонна қияр алып, оны саудаладым", – дейді.

Сәбира ханым ұзындығы сегіз метрлік екі жылыжайға қияр мен қызанақ егеді. Оның сыртына сәбіз, жуа, болгар бұрышы және баклажан отырғызады.

"Қараөткел астанаға жақын. Қазір ол жақта тұрақты тұтынушыларым бар. Көлікпен жеткізіп беремін. Бағасы қымбат емес. Қияр мен қызанақтың келісін 500 теңгеден сатамын. Ал ауылдың халқы өздері келіп алып кетеді", – дейді Сәбира ханым.

Ол көкөністеріне тек органикалық тыңайтқыш қолданатынын, химиялық тыңайтқыш пайдаланбайтынын айтады.

"Жинаған көкөнісімді сатамын, артылғанын тұздаймын. Оны да алатындар бар", – дейді өзі.

Сәбира ханым "Әлеуметтік динамика" қоғамдық қорының бастамасы, The Coca-Cola Foundation халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен жүргізілетін "Coca-Cola Белестері" бағдарламасынан грант ұтып алған. Жылыжайды сол арқылы салған.
"Қазір негізгі кәсібім осы. Өзін-өзі ақтайды. Тағы да жобаларға қатысуды ойлаймын. Енді бір екі жылыжай керек (күлді – авт.). Өйткені учаскемде орын бар", – дейді шағын кәсіп иесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу