Астананың орталық көшелерінің бірінде Jetour жүргізушісі әйел адамды қағып, артынша қашып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Мәңгілік ел, 21 мекенжайында болған. Видеодан жүргізушінің әйел адамды қағып кеткеннен кейін тоқтамастан ары қарай кетіп қалғанын байқауға болады.
Полиция Jetour T2 автокөлігінің жүргізушісін дереу анықтап, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
– Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады, – делінген қалалық ПД хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу