Астана көшесінде жеңіл автокөлік пен жедел жәрдем көлігі соқтығысып, апат салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Тұран және Ұлы дала даңғылының қиылысында "Hyundai" маркалы жеңіл автокөлік пен жедел жәрдем көлігі соғысты. Қақтығыс салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды",– делінген хабарламада.
Ресми ақпаратта айтылғандай, жол апатынан екі адам зардап шекті, алайда олар дәрігерлер тексерген соң үйлеріне жіберілді.
"Аталған факті бойынша тексеру амалдары басталды, жол апатының мән-жайы анықталып жатыр", – дейді ведомстводан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу