Астананың орталығында дәмхана өртке оранды

187

Астанада Қонаев көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің төменгі қабатындағы дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астананың орталығында дәмхана өртке оранды Фото: видеодан алынған кадр

Алғашқы деректерге сәйкес, Degirmen дәмханасының шатыры отқа оранған. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, өрт дәмхананың сыртқы қаптамасы мен желдеткіш жүйесінен тұтанған.

Құтқарушылар тілсіз жауды дер кезінде оқшаулады.

Еске салайық, бұған дейін елордада "Бәйтерек" маңындағы кафелердің бірінде өрт шығып, салдарынан бірнеше тұрғын үй зақымданғаны хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу