Астананың жаңа теміржол вокзалынан қосымша бағдарлар ашылады

797

Астананың жаңа теміржол вокзалынан қосымша бағдарлар ашылады

Астана қаласының жаңа теміржол вокзалы арқылы жүретін пойыздардың тізбесі бекітілді, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

"Жаңа вокзал кешені 54 пойызға қызмет көрсетеді. Оның ішінде 22 "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы, 16 стандартты және 16 қала маңы пойызы", – деп жазылған хабарламада.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында Астанадан мына бағдарларда қосымша пойыздар жүреді:

Астана – Маңғышлақ;

Астана – Атырау;

Астана – Шымкент;

Астана – Қостанай;

Маңғышлақ – Астана;

Тараз (Жамбыл) – Астана;

Орал – Астана;

Қарағанды – Астана.

Қазір Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, қоғамдық көлік бағдарын, сондай-ақ жаңа вокзалға дейінгі экспресс-бағдарларды ұйымдастыру мәселесі пысықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу