Астананың жанармай құю бекеттеріндегі отынның сапасы тексерілді

1087

Астананың жанармай құю бекеттеріндегі отынның сапасы тексерілді

2016 жылғы қараша-желтоқсан айларында Астана қаласындағы автомобильге жанар-жағармай құю станцияларындағы автомобиль бензині мен дизель отынының сапасына мониторинг жүргізілді, деп мәлім етті ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитеті.

Сынақ зертханалары автомобиль бензинінің 13 сынамасын зерттеді, оның ішінде бензиннің 3 сынамасы (23%): "Газпром-Омский НПЗ" АҚ өндірген ("Ойл" ЖШС-ның АЖҚС, С. Сейфуллин көшесі, 63/4), "Башнефть" ААҚ өндірген ("Номад Ойл" ЖШС-ның АЖҚС, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 9) бензиндегі күкірттің құрамы және "Башнефть" ААҚ өндірген ("Номад Ойл" ЖШС-ның АЖҚС, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 9) бензиндегі бензолдың көлемдік үлесі "Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштар мен мазутқа арналған отынға қойылатын талаптар туралы" 013/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келмей шықты.

Сондай-ақ, дизель отынының 5 сынамасы тексерілді, оның ішінде отынның 1 сынамасы (20%) "Ачинский нефтеперерабатывающий завод ВНК" ААҚ өндірген (Қосшығұлұлы көшесі, 3, "Новая АЗС" АЖҚС) отынның тұтану температурасы 013/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келмеген.

"Сәйкес келмейтін бензинді өткізудің барлық фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілер әкімшілік жауаптылыққа тартылды", делінген комитеттің таратқан ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу