Астананың жасыл белдеуіне әуеден мониторинг жүргізіліп, орман алқабынан шамамен 50 елік анықталды. Жануарлар 4–5-тен топтасып жүрген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Жасыл аймақ" РМК мамандары "Қазавиаорманқорғау" өкілдерімен бірлесіп, елорданың жасыл белдеуіне әуе бақылауын жүргізді.
Мониторинг барысында орман екпелерінің жай-күйі бағаланып, жетуі қиын аумақтар тексерілді. Сондай-ақ орманға қауіп төндіруі мүмкін жағдайлар бақыланды.
Әуе бақылауы кезінде мамандар жасыл белдеудің әртүрлі бөлігінде еліктердің топтасып жүргенін байқаған.
Мекеме мәліметінше, бұл елорданың жасыл белдеуі жануарлар үшін де қолайлы тіршілік ортасына айналып келе жатқанын көрсетеді. Қазір мұнда өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қатар дамып жатқан экожүйе қалыптасып келеді.