Astaufest 2025: Астанада аспаздардың сайысы басталды

147

Ауқымды шараны Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі ұйымдастырды.  

Astaufest 2025: Астанада аспаздардың сайысы басталды Фото: Астана қаласы әкімдігі

Биыл шараға әлемнің 45-тен астам оқу орнының өкілдері қатысты. Елордада AstauFest-2025 VI Халықаралық гастрономиялық фестиваль жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

AstauFest 2 қазанға дейін жалғасады. Дәстүрге сай фестиваль бірнеше бағытты қамтиды: кәсіби номинациялар бойынша сайыстар өтіп, үздік аспазшылар, кондитерлер, наубайшылар мен бармендер анықталады.

Гастрофестиваль Астанадағы 4 алаңда ұйымдастырылған: Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде (Майлин көшесі, 12), Құзыреттер орталығында (Айтматов көшесі, 41Б), Кулинарлық студияда (Айтматов көшесі, 41/3) және Кондитерлік академияда (Е-18, 1).

Биылғы AstauFest Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтіп отыр. Оған жақын және алыс шетелдерден келген 45 оқу орнынан 300-ден астам қатысушы жиналды.

"AstauFest-2025 – қоғамдық тамақтану саласы мамандарының кәсібилігін арттыруға бағытталған жыл сайынғы шара. Фестивальдің басты мақсаты – мейрамхана индустриясын дамыту және оны экономиканың маңызды саласы ретінде таныту", – деді ұйымдастырушылар.

Қатысушылардың шеберлігін халықаралық қазылар алқасы бағалайды. Оның құрамында Швейцария, Франция, Үндістан, Ресей, Қазақстан және өзге елдерден келген 13 кәсіби маман бар.

Фестиваль аясында гастрономия мен кулинария саласындағы сарапшылар шеберлік сабақтары мен тренингтер өткізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу